Posted in

АБАЙЛАП СӨЙЛЕ

Не болса соны айта берме, аузыңа ие бол, біреу-міреу естіп қалмасын д.м. ~ Қазанғап сонда Едігеге ызғар шаша бір қарады, тіпті мұрты да тікірейіп кетті.– Сен, шырағым, абайлап сөйле! Ш.Айт. ~ Кілмік көзге қаһар бітіп: “Жолдас, абайлап сөйле! Әлгі сөзің үшін жауап бересің” деп еді, бұ да тайсалмай: “Е, берсем берем”, деді …Ә.Нұрп. ~ Қара шолақ дегенді бұл қыз қайдан естіп қойған? Мен ешкімге тіс жармап едім. Байқап сөйле, қабырғаның да құлағы бар дегенді естігемін. Байқап сөйлемек түгіл, байқап ойлау керек екен. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *