Алып-ұшып, толқып, өрекпіген көңіл-күй.
~ Кейде сондай қолдан жасалған қиянат арыңды қинап, абылыққан асау көңіліңді бұғалықтап, матап тастайды. Б.Қыд. ~ Ол әрине арақты аяп тұрған жоқ еді, кембағал байқұстарға жаны ашыды, қазір-ақ абылыққан көңілдері алабұртып, хан қаһарына тап болар деп тартыншақтап еді. Б.Қыд. ~ Абылыққан жүрегі «орнына түскесін» тамағын кенеп жіберіп: «Құрсын, біздің еркектерде иман жоқ шығар. Карта десе өледі-ау бұлар…» деді көмейінен бүлкілдеп. БАҚ.
