Құдай сақтады, жолы болды, бір қатерден аман қалды д.м.
~ Бикештер, мына көшенің сиқын байқап келесіздер… Сондай тайғанақ… Мен әнеугүні жалғыз келе жатып етпеттей құлағаным. Әйтеуір ешкім кермегені абырой болды. Б.Бұл. ~ Мен ет қызумен: “Оған жеткізетін өзіңіз ғой” деген сөзді айтып қала жаздадым. Айтпағаным абырой болды. Қ.Қаз. ~ – Е, бəсе! Осылай болса керек еді! – Малды көп сұрайтын неме ғой. – Оған аз, менсінбегенсіп қандай болды? – Не де болса, барған соң алып келгендері абұйыр болды! Ж.Айм.
