Ұятты жері көрініп қалды, мазаққа қалды. ~ Қара бойда дамбалдан басқа түк жоқ. Оның – дағы балағы
жырым – жырым. Тақсыр – ай, ордаңызға қалай кірем, Жалаңаш ашылып тұр абұйырым?!
Шернияз. ~ Осы жерге келгенде күлегеш Асқар шыдай алмай жымиған. Сүлеймен шамданып қалды. – Неменеге күлесің? –
деді Асқарды жағасынан алып, – Біреудің абұйыры ашылып қалды ма? Т.Әс. ~ Үйге алдымен кірген жас келіншек, әуелі дым
түсіне алмай бедірейіп тұрды да, бетін басып, ата жөнелді. Тастан ағасының қолтығынан сүйреп төсекке қарай дырылдата
әкетіп бара жатқанда тыр жалаңаш май құйрығын көрген кемпірлер «бетім-ау, байекеңе не болған абұйырын ашып» деп
еріндерін сылп-сылп еткізді. С.Жүн.
