Табан ақы, маңдай терімен жиған-терген азды-көпті байлығы, абыройы. ~ Бар болғаны оған құдайдай табынатын, бар көргені – соның пұшпақтай ғана жерін өңдетіп, егінін сеуіп, астығын жинатып беріп, итше қорыған адал еңбегі ғана. Қ.Ысқ. ~ Сөйткен Рамазан міне енді адал еңбегінің арқасында ауылдағы мол дәулетті, іргелі бір үйге айналған. Баяғы ұсақтықтың ізі де жоқ. Қолы ашық, қонақ асыға мырза үй. С.Шай. ~ Қыста соғымы мен сойысы, жазда сауыны мен мінісі бар, басыбайлы ешкім жоқ, еркімен жүріп, қалауымен қызмет атқарады, “таптық езгі” көрді, зар жылады дей алмаймын. Еңбек, кәдімгі адал еңбегіне орай ақыларын алып отырды. М.Мағ.
