Posted in

АДАМ (АЗАМАТ) ҚАТАРЫНА ҚОСТЫ

Аяғынан тұрғызды, ел санатына кіргізді, адам қылды. ~ Үш жыл оқ астында жүріп одан да аман қалдым. Мына сендерді не ішем, не кием дегізбей тәрбиелеп, адам қатарына қостым. Қ.Жұм. ~ Сонда Итжемес күнде алдарына барып жүрген ескі көзтаныста. ~ Шам жанған соң отағасы тағы да: ─ Әкеңе қарызым көп еді, – деді күрсініп. – Жетелеп жүріп жеткізді, сүйрелеп жүріп адам қатарына қосты. Сені көрген сайын аруақ алдындағы қарығым есіме түседі де өзімнен – өзім қысыламын. Қ.Ысқ. ~ “Жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ жоқ” дейді. Жаңылған мен сүрінгеннің қолтығынан демеп, азамат қатарына қосып жібермесек, біздің азаматтығымыз, қала берді, тіпті елдік дәстүріміз қайда? О.Сәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *