1.Керемет, ғажап, суреттеуге сөз жетпейтін. ~ Қарсы жағы Бошманды ала алмайтындарына көздері жетіп, енді әрі қарай жүрмек боп тұрғандарында кенет адам айтқысыз қатты жел тұрып, аралдың бір жағындағы суды қуып, біраз жерін қарайтып тастады. І.Ес. ~ Содан соңғы Имашпен істес болғаны осы жолы. Имаш Боқбасарға бұл жолы адам айтқысыз ұнады. Б.Май. ~ – Мен адам айтқысыз бір күшті кісі көрдім, – деді. І.Жанс.
2.Тым өрескел, жағымсыз д.м. ~ – Өздері ата-бабадан түсіп, адам айтқысыз тілмен боқтап-боқтап алады да, оған қарсы әділдік айтқан адамдарды сабайды, бұл қайдан келген жуандық?! Қ.Шаб.
