Posted in

АДАМ АТА (АДАМ АТА, ХАУА АНА)

Діни ұғым бойынша жер бетінде алғаш пайда болған ер адам мен әйел. ~ Адам Атаның орашолақ тілмен лаждап жеткізген ілтифатына ырза боп кеткенде, тым құрыса, қазіргідей бомба жарып, темір тұяқ танкілер тапап жатса да мыңқ етпейтін құдайдың қара жері де емес, көк мұзға шалқалап жата кеткені тегін бе еді? Ә.Нұрп. ~ “Опасыз жалған дүние, кімдерден кейін қалмаған” деп әлсін-әлсін кайталап, сонау Адам атадан басталған адам ұрпағының небір асылдары, әлемді тітіреткен Сүлеймендей патшалары, Ескендірдей ерлері байыз таба алмаған бұл жалғаннан, ешкім де опа таппаған деп айтады. С.Ел. ~ Сөз адамның пайда болуынан басталып, біз білетін “Адам ата, Хауа ана” жайына қалды да, маймыл тұқымдас бір жануардан таралғанымыз жөнінде дәлелдер дамып, көбейіп отырды. Қ.Шаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *