Posted in

АДАМ БОЛМАЙСЫҢ

Біреуге қатты кейіп, сен енді түзелмессің, осы кеткенің кеткен д.м. айтылатын нала сөз. ~ — Сен бе, сен! Түк адам болмайсың. Басыңда саңлау жоқ. Сені пішенге шықсын. Машинаның өреліне отырсын. Соғыстан бұрын оқыған дейтін кім? М.Сүн. ~ — Әй, сен адам болмайсың. Еркек деген қазаннан алып тамақ жей ме екен?! Отыр әрі. Қ.Ысқ. ~ – Ай, мына түріңмен адам болмассың! Оқу оқиын деп жүрген сен жоқ, көше кезіп, қалтаға түсіп шпана болып кетесің әлі! Айтпады деме! Отыр орныңа! Д.Дос. ~ – Ой, атадан кем туған ит. Сен бе… сен асыраса да адам болмайсың. Ойбай-ау, бұл қара нар Науан ағамның көзін көрген ата малы емес пе еді. Ә.Нұрп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *