Posted in

АДАМ ҚАРАҒЫСЫЗ (КӨРГІСІЗ)

Бет-әлпеті, ұсқыны жан шошырлық. ~ Малға жығып алдым. Жүздеп жылқы, бестеп жамбы, тай-тұяқ бердім. Не көрдім алғанда? Оң жақтан-ақ жанымды жылытып пейілін бір шешкен жоқ. Әкесінің үйіндегі қылжағы — еркелігі, асаулығы болсын. Ал ендігісі не? Жоқ, мен мұны еркінсіте алмаймын. Не жеңіп қатын: қылам, не бетіне адам қарағысыз етіп абиырын төгем…. І.Жан. ~ Бет-аузы көкпеңбек ісік, киімі далба-дұлба. Пенжагының әр жерінде баттаса жабысқан қан. Бетіне адам қарағысыз аянышты. Аяғын әзер-әзер басады. Жел үрсе құлап кетердей. Солдаттар айдаған беті алаңның ортасына алып келді. І.Ес. ~ Суы табандап қалған көлдің беті адам қарағысыз ала – айран боп, борсыған сорған, топырағы төңіректі мүңкітіп жіберді. С.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *