Өз бетімен пайда болған деуге келмейтін, адам жасаған. ~ Едіге тауының ұшар биігінде, жаңа қылтиған күн шапағы қызарта бедерлеген қожыр тастардың басында адам қолынан шыққаны күмәнсіз, пирамида кейіпті үшбұрыш белгі тұр. М.Мағ. ~ Осы тұрғанда бурыл аттың бойында адам қолынан пайда болған бір ғана белгі, өзгеріс бар. Ол құйрығының тілерсектен жоғарырақ етіліп қырқылғандығы. Б.Соқ.
