Бағып-қағып, тәлім-тәрбие берді, ел қатарына қосты.
~ Марқұм сендерді адам қыламын деп аз сүйрелеген жоқ. Енді міне топырағы суып үлгірмей … Ж.Шәк. ~ … әпкесі Ақшагүл екеуін аналары Бегім-Бике “аузына тістеп жүріп” адам қылыпты, ел қатарына қосыпты. Ә.Тар. ~ Оқытып адам қылам деп жүргенде, торы аттың басын тоқтыға айырбастамасам неғылсын. Т.Ахт. ~ – Е, неге болмасын?.. Бәрі де ержеткен. Бәрін де адам еткенбіз. Әйтеуір, жерде қалған бірі жоқ. Д.Әш.
