Posted in

АДАСҚАН ҚАЗДАЙ ҚАҢҚЫЛДАДЫ (САНСЫРАДЫ)

Сыңарын іздеп жан даусы шықты, жалғыздық қасыретін тартты. ~ – Адасқан қаздай қаңқылдап әбігері шығып, жар іздеген жабыңқы жүрек ойда жоқта туласа, есеңгіретіп тастайды екен, Нұрмашжан. О.Бөк. ~ Ақылдасып кеңесер, сыбырласып сырласар жан таба алмай, адасқан қазша қаңқылдап, жалғыз жүргенде бала жастан телі ескен Қамбардың қасында болғанын шыншыл көңілмен көксеуші еді. О.Бөк. ~ Міне, енді ұясы бұзылған бозторғайдай тозғындық күй менің де басыма түсті. – Бұраталаға дейін бірге барайын, Әсаға! – деді Мұқатай адасқан қаздай сансырағанына іші ашып. Қ.Тол.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *