Posted in

АЖАЛЫНАН БҰРЫН ӨЛДІ (КЕТТІ)

Мезгілсіз опат болды. ~ – Мына сорлы қайтеді, әй? Ажалынан бұрын өлер. Әй! Әй, тоқта! Ә.Нұрп. ~ ─Тек тісіңнен шығара
көрме. Елге тарап кетсе, Нұралы байғұс ажалынан бұрын өлетін болды… Т.Әбд. ~ — Е, аман болсын да! — дей салды Асекең
де. — Әйтеуір ажалынан бұрын өлтірмесеңдер бопты да! Қ.Ысқ. ~ Мені десең… Мына қарығы ашылмаған өлмелі шешең
ажалынан бұрын кетпесін десең жібер мына жау алғырды. Жүгенін сыпыр да жібер… Шыққан ақшаң садақа болсын… Жібер
тез!… – деді де булығып одан ары сөйлей алмай қалды. Қ.Мүб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *