Бір өлімнен аман қалды, жанын сақтады. ~ Мал таппақ оңай ма? Екі рет ажал аузынан қалды. Біріншісінде, Иркутскінің «қара базарында» өз аузынан қағынғаны. Т.Сәу. ~ Бірақ ол қуанышы да ұзаққа бармады. Сыртында “паштет” деген жазуы бар арзан қалбырды асығыс ашып, ішіне аздап ел қонғанмен оның арты азап болды. Уланған Айдын ажал аузынан қайтты… С.Досан. ~ Ортаңа ажал уысынан, арыстан аузынан құтылып, қайта оралып Базаралы келгенде, «еңді етегіңнен ұстап өлермін-ау» деген серттерің болатын. М.Әу. ~ Сол жылы Еркебұланның жолы болмай қойды. Көктемде көкпарда Қызыл атының аяғы сынды, өзі ажал аузынан әзер қалды… Ә.Тар.
