Біреуді қатерлі жағдайға, өлім қаупіне бастап келді. ~ «Өзекті жанға – бір өлім. Тағы да бір-екеуін жастанып өлейін!.. Ұлымды есебін тауып, елге қайтарып жіберуім керек еді, бұлай болар деп кім ойлаған. Оны да ажал аузына өзім айдап әкеліп, обалына қалатын болдым-ау!..» – деді іштей күбірлеп. Д.Рам. ~ «Тыйылсын, бұл қай қастығы!?» деп, ашу айтқан екен. Абай: – Біз ата-ананың алдында туысқан болысуға жарасақ, со да жетер. Мынадай ажал аузына, қыл көпірдің үстіне ел-жұртты өзі айдап келген соң, менен жөн сұрамасын!.. – деген. М.Әу.
