Адам өмірін қиятындай қатер, апат. ~ Таңертеңнен бері әрбір арбаның түбінде ажал оғы аңдып, сығалап қарап, “қанды басың бері тарт” деп отыр. М.Әу. ~ Шал Құдайдан өлім тіледі. — Иә, тәңірім, жібер ажал оғыңды! Жібер ажал оғыңды мына кәрі қақбасқа! Бұны көзім көргенше күмрә неге болмадым?! Күмрә неге болмадым! — деп сарнайды. С.Ел. ~ Тап астынан ажал оғындай атылар қаршығаны қайдан білсін. С.Жүн.
