Бет құбылысымен сыңайын білдірді; ойын сездірді. ~ Бірталай уақыт үй іші үнсіз болды. Абай қымызын ішіп болып, рақмет айтып, енді жүргісі келгендей ажар білдіргенде ғана Байдалы ырғала түсіп, сөйлей жөнелді. М.Әу. ~ – Кiм де болса, көзi жоқ ердiң бiрi болды! – деседi. Отырғандар патшаны өлiмге қимаған ажар бiлдiрмейдi. М.Әу. ~ Ағы мен қарасы ап-айқын өткір көздерінде Абайға қарап, күлегеш құрбылары туралы шағым айтқан, көмек тілеген ажар білінеді. Абай бұны қостай сөйледі. М.Әу. ~ Ұзын, қоңыр сақалына араласқан күміс ренді ақ талдар ғана айқын көрінеді. Бірақ нұрлы, жылтыр жүзінде өлі кәрілікке жеңгізген, жасыған ажар білінбейді. М.Ә
