Туыс (ағайын) қанша араз болса да, жақындығы қалады, мүлде кетіспейді. ~ – Өзің тəуекел етсең біз бөгет болмаймыз ғой. Бірақ, «ағайынның азары болса да, безері болмайды», Малтабар ағаңмен де сөйлес, – деді олар. Е.Мұх. ~ Інім, «ағайынның азары болса да, безері болмайды». Жолдасты тауып аларсың, әйелге де үйленуге болады, екіншісін аларсың. Ағайынның жаманын да жасай алмайсың. Б.Қыд. ~ Бас араздық секілді бірдеңе болса, оны осындай жерде шеше ме екен. Ағайынның азары болса да, безері болмайды демеуші ме еді? Т.Әбд. ~ Ағайынның азары болса да безері жоқ. Қабақ шыту, қамшыласу ағайынның ашуында болады. Ал оқ шығарған кемшілік сенікі! – деп зекіген-ді. Ж.Шәк.
