Жаны шырқырап, қарсы болды, ат-тонын ала қашты; жаны қалмады. ~ Бірақ құдалық жайын сөйлескенде Полина: “Құдай сақтасын! Мылқауға қатын боп не қара басыпты. Аулақ! Аулақ!” деп азар да безер болды. М.Мағ. ~ Арслан осы ойын жайлап Хадишаға айтқанда тоқалы бірден суынып: – Мен ешқайда кетпеймін, Таупан екеуміз осы үйде қаламыз. Қызметшілер бар, баламды өсіріп отыра берем, – деп азар да безер болды. С.Досж. ~ Айкүміске бай боламын деп жүнді ауыз Қызылкөз кіріп келгенде ала шұбар ымыртта анасын алып кеткен қабасақал қайтып оралғандай Өтеудің аза бойы тітіркеніп, азар да безер болғаны осыдан да шығар. Қ.Ысқ.
