Posted in

АЗА БОЙЫ ҚАЗА ТҰРДЫ (БОЛДЫ, ҚЫЛДЫ, ТІК ТҰРДЫ)

Жаны түршікті, үрікті, жүрегі шайылды. ~ Мамырбай ақсақал «Ноғай» десе, аза бойы қаза тұрушы еді… Ж.Айм. ~ Шетінен алқаш, бұзақы. «Ойбай «Қызыл Тудың» қояншықтары ма, Құдай сақтасын!» деп айдаладағы жұрттың қарадай аза бойы қаза тұратын. Т.Сәу. ~ Өкініштісі, бейіштің рақаты мен тозақтың азабы шексіз екен. Соны ойлағанда оның аза бойы қаза болды. Т.Рыс. ~ Қайдан шығып жатқаны белгісіз осы сарыннан адамның аза бойын қаза қылар о дүниелік жат ызғар еседі. С.Елу. ~ Бір жәшік араққа қыңқ етпеген Мешел “варцихенің” бағасын естігенде аза бойы тік тұрды. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *