Жақын адамының қаза болуына қатты уайым жеді, күйіне қайғырды, көз жасын төкті. ~ Ой мен қыр, орман-тоғай неге шулар? Аң мен құс күйініп жүр, не үшін бұлар? Арқаның аяулы аты өлгенін Аспан, жер аза тартып тұрған шығар! І.Жан. ~ Ескі ғұн жұртының Еділ өлгенде, оған қалай аза тартқанын атақты рим жазушысы Иордан былай суреттейді: “Жұрттың (азаға) жиналған жері таудың басы еді. Еділдің сүйегін жібекке орап, жерге апарып орнатты…” Ә.Мар. ~ Сол күні Серіктің сүйегі колхоз орталығына әкелініп, ертеңіне жерленді. Сәбира ерекше аза тартты. Ешкімнен ұялмастан, күйеуі өлген қаралы әйелдей жылады. Еркектермен бірге зират басына барды. С.Мұр.
