Бұқара халықтың, көпшіліктің мүддесі үшін күрескен ер туралы. ~ Қарағай найза өңгерген, Өзінің жұртын меңгерген, Азды көпке теңгерген, Аттанған жаудан келмеген. А.Байт. “Ер Сайын”. ~ Алдына дабыл төңкерген, Артына сауыт бөктерген, Аламанға дем берген, Азды көпке теңгерген… А.Байт. “ҚҚҚ”. ~ Қарағай найза өңгерген, Азды көпке теңгерген, Атымын тауып әр істің Ақылмен ойлап меңгерген Бұлдырық қари – мен едім. “Мақпал – Сегіз”.
