Кек сақтады; тісін қайрап, іштен тынды. ~ Жаназаға жиылған жұрт о жер, бұ жерде топтанысып отырғанда, бұл оқиға жайынан неше түрлі бал ашып, аңыз қылысты. Біреулері: — тегі ақсақалға азуын басқан біреу басып берді ғой. Ж.Айм. ~ Тоқайдың осы қылығына жұмыскердің көбі-ақ азуын басады. Тек азу ғана басады. Әйтпесе одан асырып Тоқайға қылар қайрат жоқ. I. Жанс. ~ Сталиннің Шыңдубәнге қолқанат қып жіберген парлаушы коммунистерінің бірі болатын. Алашқа азуын басқан адам. Т.Рыс. ~
