Қажыр-қайратын танытты, сұсын байқатты. ~Тым болмағанда ит жығыспен беріспей, әйтеуір азуын көрсетіп, бір ырылдасып қалар еді. Ж.Айм. ~ Қанша мүләйiм, қанша мүттәйiм болып отырды десең де, ол да өлiспей берiспесiн сездiрiп, азуын көрсетiп қалды. К.Сег. ~ Осы тұста: “мынау қайтеді- ей, баса көктеп қайда барады- ей!” дейтін қызғаныштың қызыл иті де әлгі тілеулестеріңнің ортасына қосыла кетіп, бірақ жымын білдірместен «бір орайы келгенде оңбай сүріндірермін» дейтін бақай есеппен азуын көрсетіп- ақ үлгереді. Қ.Жиен.
