Ел ішінің ең кемі, бейшара, сорлысы, кедей-кепшігі. ~ Кенжекей өзін ақ жаулықты әйелдердің ішіндегі азы мен тозы деп ойлайтын. Алғаш рет ол өзінің сұлу тәнін көрді. Ә.Нұрп. ~ Ал ұтылсаң, ішер ас, киер киімге жарымайсың. Өз қатарыңның азы мен тозы боласың. Ә.Нұрп. ~ Балықшы ауыл атансақ та, құдайға шүкір, жұрттың азы мен тозы емеспіз. Ә.Нұрп. ~ – Шық! Жоғал, жексұрын! – Өзің жексұрын. Жер басқан жанның азы мен тозысың. Ертең қойныңдағы байыңды тартып алады. Сонда көрермін сенің әуселеңді… Ә.Нұрп.
