Posted in

АЙБАР ШЕКТІ (ЖАСАДЫ, КӨРСЕТТІ, ШАШТЫ)

Сес көрсетті, қорқытып, үркітті. ~ Падиша ашуланып ақырып тұр, Халыққа айбар шегіп батырып тіл. Сөзіне ісі қайшы болса дағы, Көн беті бүлк етпейтін мақұлық бұл. БС. “Кенжекей…” ~ Сауыт та сөздің аяғында бұдан былай тіріміздің жайлауы, өліміздің көрі айырылар деп, көтерілген қалың елді өзіне қайтару үшін келгендердің жүрегін үсітерлік көп айбар шекті. Ғ.Мүс. ~ Өңкей бір томарша үшкіл ала көздер дөй дала айбар шегеді. Ж.Біл. ~ Жарты қорап сіріңкені түгесіп барып, әрең бықсып жанған алауды оңды-солды бұлғап айғайлап, айбар жасағанда, шоқиып-шоқиып отырған қасқырлар жылыстап, шегініп барып, қайта аңдыды. О.Бөк. ~ Казактардың старшинасы жиналған жұртқа айғайлап, қамшы сілтеп, айбар көрсетті. Ж.Әнес. ~ Мұнараның анадайдан айбар шашып айбындап тұрғанын да, не көрген адам қолтығына қысып кеткісі келгеніндей қып, құр әншейін қуыршақ болып жұтынып тұрғанын да қаламайды. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *