Зәрін шашып, зіл тастады, азуын көрсетті. ~ Жайшылықта іш тартып, арқадан қағып жүретін жаны ізгі деген ұлықтардың өзі сырт айналып дөң айбат танытуды шығарды. C.Ақт. ~ Күреңбай түсін суытып, бар ашу-ызасын қабағына жинап, кенет өзгерте қалды. Жан боп жаралғалы көзге шалынбаған бір айбат танытып, қатал сипатқа ауысты. С.Ом. ~ Әйелдің бүкіл бітімі, жан дүниесі, тіптен киімінің әр түймесіне дейін әділетсіздікке деген айбатын айқын танытатын сияқты. Б.Мом. ~ Оны жiбермес бұрын алдымен айбат танытып, Гүлжанға телефон соқтырды. Ә.Ыб.
