Posted in

АЙБЫНЫ АСТЫ

Атақ-даңқы, абыройы, беделі, күш-қуаты асып кетті. ~ Талай алыптардың қол табы қалған, ашып-жабуға ауыр болса да айбатынан айырылмаған киелі есіктен имене кірді. Таңдана тамашалады. Бірақ осы ортаның айбыны асып тұрғанымен алмағайып замандағы ұқыпсыз иелері жағынан бағы тайып тұрғандай жүдеу көрінді. Ж.Шәк. ~ Жарықтық дала, молшылық – мұхит, демімен, Тамшының орнын толқындарына теліген. Қайнары тасып, айбыны асып сол жылы Өкінішімді шайды да кетті селімен. ~ К.Мыр.~ Кетбұға айбыны асып, мерейі тасып тұрған сұлтанның қаһарынан қаймыға қойған жоқ. Д.Рам.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *