Posted in

АЙДАРЛЫ ҰЛ ТУДЫ

Айдарлы шашпен туған бала туралы. Айдармен туған ұл ерекше болады деген ырымға байланысты. ~ Көптің батасы қабыл болып, Дірсе ханның үйден шықса шынардай сұңғақ бойлы, тобығына түсетін сүмбіл қара шашты, бір тал пісте сыймайтын оймақ ауызды, қауын шырынындай ләззәтті сұлу бәйбішесі жүкті болып, айдарлы ұл тауыпты. Ғ.Біл. ~ Ұлықтығын бұлдамай, ұлы басын кіші етіп келгеніне қуанған кемпір-шал кешіктірмей Алтынасықты да аттандырыпты. Ел-жұртын жиып, қуанышты тойларын жасап, ата-аналарының батасын алып, Ғадыл хан мен Алтынасықтың өмір қызығы осылай басталыпты. Күн артынан күн жылжып өтіп жатты, Алтынасық төсегімен көтеріп алтын айдарлы ұл тауыпты. “Қ.Ерт.”

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *