Posted in

АЙДАР ТАҚТЫ

1. Жала жапты, айып артты. ~ “Компіске кезінде мал санын жасырған, колхоздасуға мойынсал болмаған” деген айдар тағып, жоғарының нұсқауымен байларды тұтқынға алып, ақ теңізге жөнелтіп жатты. Т.Рыс. ~ Көп кешікпей “Қызылжиде оқиғасы” деп айдар тағылған мәселе облыстың барлық мектептерінде талқыланып, ондай бассыздыққа, ондай саяси соқырлыққа жол бермеудің шаралары белгіленіп жатты. Ә.Тар.
2. Жанама ат қойды. ~ Əрбір тас белгінің бітім-болмысына қарап мықтас, дың, балбал, тұнжыр, сынтас деп айдар таға ажыратып айтады. А.Сей. ~ Мұндай уәкілдердің көп келетіні сонша, тіптен ел олардың аты–жөнін де біліп үлгермейтін. Сондықтан өздерінше ат қойып, айдар тағып алады. Б.Мом.
3. Малға белгі салды.
~ Жасынан жылқы бағып, мал арасында өскен қария жылқы ішінде біраз жүрді де, жүген-құрық тимеген бір семіз байталға айдар тақты. БАҚ
4. Атын әйгіледі, мақтауын асырды, дабыратып ат қойды.
~ Тыныштық та

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *