Алдады, әдіс қылды, қулық-сұмдыққа барып, айла қолданды. ~ Зарқұм айтты: – Шүкірлік, мұны көрдік, Осындай болар ма деп айла қылдық. Шығармай таспен атып өлтіріп бақ, Әгар шықса құдықтан күлкі болдық. БС. “Зарқұм”. ~ Алдар көсе бір күні келе жатса, бір жерден қу жауырын тауып алып, сүйек қайнатып отырған бір-екі қатындарға жолығып, амандасып болып, Алдар көсе: «мен бір айла қылайын», – деді. БС “Алдар Көсе”.
