Тұп-тура, артық-кемі жоқ; аузынан түскендей. ~ – Құрық тигенде шыңғырғаны, құла дүзге қашқаны айна қатесіз. – Өз құлағыңмен естідің бе түге?! Д.Дос. ~ “Қыз Жібекті” жатқа білген екенсің. Мектеп сахнасында талай рет тақпақ оқыпсың. Рас па?.. М е р у е р т. Рас. Айна қатесі жоқ!.. Қ.Ысқ. ~ – «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген сөзді бір жерден көзім шалғаны бар еді. Бұл айна-қатесіз тіркес деп білемін. Ж.Баб.
