Сөзім сөз, ойымнан қайтпаймын, мен не десем, сол болады деген мағынада; үзілді-кесілді пікір. ~ Шофер мырс етіп, май-май кепканың күн қағарын көзіне түсіре басып қойды. – Неге күлесің. Айтқаным айтқан. Бір қонамыз да, ертең ертелете жолға шығамыз. Қалайда ертең кешке үйде болуымыз керек. Ә.Нұрп. ~ Хадиша сәл тоқтағандай болды. Бірақ алғашқы райынан толық қайтпай: ─ Бәрібір жұрт оны өзінше түсініп кетті, – деді бұртиып. – Айтқаным айтқан… Т.Әбд.
