Posted in

АЙТҚАНЫНАН ҚАЙТПАДЫ

Сөзінде тұрды, айтқанын орындады, қайсарлық танытты. ~ Түгел осы ойыншықты қалап отырса да, үндемейді. Себебі, Құзыр айтқанынан қайтпайтын бала.– Түгел, – дейді ол бір мезгілде. – Менің қарным ашты. Таба наның бар ма? Түгел қойнынан бір сындырық нанды суырып алып, досына ұстата қояды. Ү.Жлк. ~ Жоламан да айтқанынан қайтпады. Жолдаманы әкелуін әкелді. Тек оны Айнұр мен бойжеткен қызы Гүлмираның атына жаздырды да, өзі Ақбура — Боранды қайдасың деп, туған ауылына тартып отырды. Ш.Мұр. ~ Нұрмолда қиналып әлі отыр. Кейінгі он — он бес жыл ішінде бетінің қайтқаны, өтінішін орындата алмағаны осы болар. Беті сазарған, айтқанынан қайтпайтын, кісімен мәмілелі сөйлесе білмейтін дөрекі адам екенін білді. С.Бақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *