Posted in

АЙЫЗЫН ҚАНДЫРДЫ

Құмарынан шығарды, ләззатқа батырды. ~ Бір жұмадан кейін ар жақтағы қазақ группасы «Лунашар» клубында ойын қойды. Жұрт көп келді. Ахмет, Смағұл, Әбдірәсілдер қандай тамаша ойнайды, орыс әртестерінен кем емес. Жұрттың айызын қандырды. Ақша тәуір жиналды. Мұқтаждар қарық болып қалды. Ж.Айм. ~ Одан ары қарай “Бұлдижан-ау, еркек ұрғашының ауын ағатайлатып айызын қандыру үшін ғана астаң-кестең етпейді, бауырын тулатып балалату басты шаруа” дегісі келіп тұрып, ананың інілігін қаперге алып тілін тістеген. Н.Дәу. ~ Барлық ойы, тілегі, мейлі соқыр болсын, ақсақ болсын тек құмарлық айызын қандырар еркекте ғана… Мауыққан мысықтай көзі тұманданып, ал қызыл бүрте ерні кеуірсініп кеткен. І.Ес. ~ Сондағы Бихан орындаған «Алшаңбоз», «Талшыбық», «Бөкен жарғақ», «Қылаң батыр», «Бұлғынсусар» секілді тыңдасаң айызыңды қандырып, керемет әсерге бөлейтін осындай күйлер болды. Ж.Баб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *