Кінәлі санап, жазалады, айыптады. ~ Ұлы ұстаз еріксіз: “Апырмау! – дейді қатты кейіген қалыппен, – кездейсоқ келіп түскен қонақты құдайыңдай жақсылап күтпедің деп айыпқа жыққан заң дүниеде жалғыз қазақта шығар! Д.Дос. ~ Оу, Дәу – аға!.. Қарап тұрған кісіні айыпқа жығатының не осы?! Мен анау итінді айтып тұрған жоқпын ба!.. Қ.Ысқ. ~ Көктемде жоқ қарап жүріп, Құрамыстың үйіне қона алмай, оны айыпқа жығып кететін Жұмықтың шалы бар емес пе. Қ.Жұм. ~ Арғысын айтпағанның өзінде сол Абылайдың шөбере, шөпшектерінің ауылына атпен тіке келгендерді «үйді бастырдың» деп айыпқа жығатын әдет Өр Алтай жерінде бертінге дейін жалғасқан. Ж.Шәк.
