Posted in

АЙЫП КӨРДІ

Жазғырды, айыптады, кінәлі деп тапты. ~ Қой, жас жігіт бұла өскен әдемі аттардың үшеуін бірдей әлдекім әкетіп бара жатқанда қызып кеткен болар. Жақсы атқа қызықпайтын жігіт бола ма… Онысын айып көрмей тұра тұрайық. Ғ.Мүс. ~ Ақмола бекінісін Кенесарыдан қорғай алмағанын айып көрген аға сұлтан кенет жүрексініп, губернатордың салтанат сарайына Мұхамед Шарифті ерте барды. І.Ес. ~ Мырзаш та жаңадан жолдас ашқандай, қиыспас курсы тапқандай, аса жадыраңқы. Былай шыға келе ол Елеусізді жолдастарынан жырып әкетті. Қара таулықтардың айып көрмейтіні мәлім. Т.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *