Үлкен, қырлы стақан. ~ «Таң атпай бұл неткен ойын-сауық?» ─ деген түйткілмен есікті барып ашты. Соқтауылдай бес-алты жігіт. Алдарында айғыр стақан, арақ пен нан қиқымдары. С.Шай. ~ Сан Саныч пен Бекет “тағы тайганың” мінезіне басып, айғыр стақанмен бір-бірден тастап – тастап жіберді де Сиғат дәм татып, рюмкасын бөтелкенің қасына апарып теліген соң, бұлар да ыдыстарын теріс төңкерісті. Қ.Ыс. ~ Шампанның бөтелкесі бос болатын. Мұрат аузы ашылған арақтан айғыр стақанға толтырды да, тартып жіберді. Қ.Ыс.
