Үйіріндегі биелерді ұрықтандырды. ~ Келеге түспес бура, Керенау тартады. Үйірге түспес айғыр, Саяққа тартады. М-Мәт. ~ Үш-төрт үйірің – жүз қаралы тұяқ. Сонда баптау тұрғысынан алғанның өзінде бірінен-бірі жүз есе қымбат. Айғыр өзі үйірге түсіп, жиырма-отыз биені өзі қайырып, өзі иелік етпеген соң, «асыл тұқым» аталған жылқы табиғи өсім бере алмайды. Олар тіпті көбеймейді. Ж.Баб.
