Posted in

АЙҚАЙ (АЙҒАЙ) САЛДЫ

Қатты дауыстады, ащы үнмен дабыстады. ~ Келіншек шар ете қалды. “Кет! Кет, мына шіркін қайтеді, әй?” деп айқай салды. Ә.Нұр. ~ Бұдан соң да бірнеше адам сөйледі. Колхозды, ондағы атақты адамдарды мадақтап тостар көтерді. Бір кезде есік жақтан біреу қол көтеріп, ешкім елей қоймаған соң, айқай салды… С.Бақ. ~ Сейтназар шоғырға екі жүз қадамдай жақындап келіп айғай салды: — Е-ей! Араларында Шегір ит болса, шықсын бері! Ә.Тар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *