Posted in

АЙҚАЙ-СҮРЕН САЛДЫ

Қиқу салды, айғай-шу көтерді, ұрандатты. ~ Ел шетіне жау келсе, Айқай-сүрен салғандай. Ноғайлының үш жұрты, Бәрі бұған
таң қалды-ай! А.Бай. ~ Алты қырлы ақсүнгі, Оң қолына алғандай. Ел шетіне жау келсе, Айқай сүрен салғандай. А.Байт “Ер
Сайын”. ~ Жүк аптамабелі 20-30-дан адам тиеп, қалаға қарап асып жатыр. Қол бос жұмысшылар, әсіресе жастар жағы
қалаға барып, қыдырып қайтқанға асығып тұрған секілді. Аптамабелге айғай-сүрен сала жабысады. Ойын, сауық. Б.Майл. ~
Айқайлауға беріктей. Сылдырлаттым, қоңырау қақтым. Үстін-үстін омыраулаттым. Айқай-сүрең салып жүріп, Бір дауысты
зорға таптым. А.Тоқм. ~ Аял болмас айқай-сүрен салыспай, Қашқан жауды ат баурына алыспай; Қан сусаған болат сүңгім
ашылмас, Шұрқылтайдан шұрылдата шанышпай. І.Жан. ~ – Үш топ айқай-сүрен сала қатты шабыспен аттанысқа
қатарласа шықты. Ш.Рахм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *