Posted in

АЙ МҮЙІЗДІ ҚОШҚАРДАЙ

Аса мықты, қуатты, айбарлы, көркем. ~ Сансызбай атты жас берен Тұлғасы бөлек бір алып, Ай мүйізді қошқардай, Әруағы тасып аспанға-ай. “Қыз Жібек”. ~ Көзге түсер тұлпардай, Тұяғы бүтін сұңқардай, Құлыным, сенен айрылдым. Ай мүйізді қошқардай Тілеп алған жалғызым, Қозым, сенен айрылдым. “Қобыланды ~ Аға деп арқа сүйейтін Арқада жатыр Ағыбай. Әйтілеу болса қартайды Тұғырдан түскен жабыдай. Орта жүздің көркі едің Қоңыраулы бұйра нарындай, Ай мүйізді қошқардай, Қол жетпейтін асқардай. Б.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *