Posted in

АЙ ҚАРАП ОТЫР (ЖҮР)

Бостан-босқа, түк істемей уақыт өткізді. ~ Рас, басы біріге бастаған орыс князьдары да ай қарап отырмаған-ды, тозуға
айналған Алтын Орданы, түбі, күл-талқанын шығаратыны ақиқат еді ғой… І.Ес. ~ Қалай түсіндірем. «Мінезім үйлеспеді»
десем: «Он жылдан бері ай қарап жүрдің бе, ертерек неге құтылмадың»,– деп, ақыл үйретпей ме. О.Бөк. ~ Жоқ, мамасына
айтпайды. Аза бойы қаза тұрып, жүрегі ауырып қалар. “Ақанжаным азап көріп жатқанда, сен не ай қарап жүрдің?” деп,
көкесіне тиіседі. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *