Жаз бойы. ~ Таңқыбаймен ала жаздай суға таласып жүріп, талай алтын уақыты зая кеткенін іші сезеді. О.Сәр. ~ Ала жаздай кенезесі кеуіп, жалғыз тамшы тамбай тандырланған сараң көктің көбесі сөгіліп кеткендей толассыз сорғалауы күзеуге жаңадан ғана келіп қонған Омардың зықысын әбден алып еді. О.Бөк. ~ Ала жаздай мейманы болып, үлкен сый-сияпатын көрген ауылдан күн арқан бойы көтерілгенде аттанған Әсет суыт жүріп кеткен. Қ.Тол.
