Posted in

АЛА КЕТТІ

1. Өзімен бірге ертіп кетті; қалдырмады. ~ Жансейітті және менің жігіттерімді талға байлап, екі қызды өздерімен бірге ала кетті. Сәскелік жер ұзаған соң менің қол-аяғымды босатып, кері қайтарды. Б.Тоғ. ~ Биыл бір ана дүниеден өтті. Ішіндегі үлкен сыр, құпияны ала кетті. Ә.Ыс.
2. Басына түскен пәлені өзі ғана көтермей, басқа біреуге де жала жапуыа, қылмысына ортақ қылды. ~ “Жалғыз кетпеспін! Ала кетермін талайыңды құрдымға!” дегені шатынаған көздерден білінді. С.См. ~ Біреуі бірін айдатса, айдатқан адам өзін кімнің көрсеткенінбілді. Оларды ұрып–соғып тергеген кезде сол өзін айдатқан адамды ала кетті. Ол да “жау” деді. А.Жақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *