1. Шолақ шұбар ала қанатты, ұзын айдарлы құс (бәбісек). ~ Үш найза тамның қасына жетіп келгенде, сол арадағы таспен араластыра салынған тозған аласа жер молалардан бір-екі ала көкек жалпылдап ұша-ұша жөнелді. С.Сей.
2. Ұшып-қонып жүретін, жеңілтек, берекесіз адам туралы. ~ Демнің арасында жансақтаудың жолын жақсы біліп алған жағымпаздар Әулиеатаны Мирзоян атандыра салды. Мұны қане, даңғой, ала көкектік, дарақылық демей не дерсің, әйтпесе нені сонша сұқпатына келтіріп жіберіпті? Б.Қыд. ~ Біздің кедей болуымыздың себебі манағылардың айтуынша: көкемнің “ала көкек” ақылсыздығынан сияқты. Н. Қаз.
