Біресе бәсеңдеп, біресе ұйытқып, құбыла соққан қарлы, ызғарлы жел. ~ Ашық даланың ызғырық желінен ала қаншық борасын борап әлгінде ғана түскен әлсіз ізіңді жып-жылдам, жым-жылас қып шығарады. Ә.Кек. ~ Дулаттың барар жолы тап жел жақта. Оның ойына «адаспасам жарар еді» деген уайым келе қойған жоқ, себебі мұндай ала қаншық «боран атаның» талайын ол басынан кешірген ғой. Ғ.Сл.
