Posted in

АЛБАСТЫСЫ БАСТЫ

Мәңгіртіп тастады. ~ Желге, күнге тигізбей, аялап өсірген сәулесін «кәпірге» қорлыққа қиғаннан өлгені артық емес пе? Түнерген түнде абайсыз ауыл абалаған ит даусына айналды. Ауылдан бажылдаған, балдырлаған жат үн шықты. Бір тайпы ауыл үш мылтықтың албастысы басып тұншықты. Ж.Айм. ~ Көздегені қате кетпейтін әккі кісі,сауыт киген түрікпенді өндіршектен шаншып түсіреді.Өзінің жалаңаш етінде жалаң жүн шекпен дейді. Құлым атамның көзі көк, тік қадалса,өңменнен өтетінін әкем айтатын еді, түркпенді албастысы басқан ғой. Бірақ, тірі қалып, арада он жыл өткенде, Хиуада кездесіп қалады. З.Шүк. ~ Осы Қарашқа Елеусіздің өзінің де ет – жүрегі елжіреп бара жатқаны шамалы. Бірақ, не бәлесінің бар екенін білмейді, одан кәдімгідей қаймығады. Көңілін жықса, албастысы басып кететіндей көреді. Т.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *