Алабұртып, алып-ұшқан, аңғал, қызба көңіл. ~ Ол кездері бала тәрізді ессіз, есепсіз албырт көңіл ала қашып, уытты азап шекті де, ұрпақ көріп, үй күйбеңімен сансыраған Айсұлу кейінгі кездері мұнан бойын аулақ салғысы да келіп, байсалдылық сақтаған. Т.Рыск. ~ Алабұртқан албырт көңіліңнен сыйластық пен жарастық тауып, шын ләззат шырынына еліткендей бір түрлі байыздаған болмысыңнан құштар тілеулестік туғызып, соңғы демің үзіліп тынғанша бір мысқал азаймас тәуелсіз рухыңа айналар сол әуен. С.См. ~ Ондайда албырт көңіл ауаланып, көрдің аузындай індігешке телміріп отырған құдықшылар қосынан атымен безіп, мынау маң даланың әлдебір тұсына маңып кеткісі келеді. Ә.Кек.
